24.03.2026 _ 13:21

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.