03.04.2026 _ 11:42

Махсут Гусейнов ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.