19.05.2026 _ 17:18

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялар туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.