19.05.2026 _ 18:22

Кения Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.