Айта кету керек, ағымдағы жылы АӨК мемлекеттік қолдау жүйесі өзгеріссіз қалады, бұл фермерлерге қосымша қиындықтарсыз егіс жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 29,7 млрд теңге көлемінде пестицидтерді субсидиялау бағдарламасын қаржыландыру қамтамасыз етілді, бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді. Шамамен 659 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қазіргі күрделі жағдай фермерлерді отандық минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендету мәселелерін объективті түрде көтеруге мәжбүр етеді.
Тыңайтқыштардың құны түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер ететінін ескере отырып, Премьер-Министр Ә.Смайыловтың тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп минералды тыңайтқыштардың бағаларын төмендету бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде.
Осылайша, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен «ҚазАзот» компаниясының басшылығымен өткен кеңесте тараптар отандық аммиак селитрасының бағасын биылғы 16 наурыздан бастап 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешімге келді.
Сапалы егіс науқанына дайындық мәселелері ерекше бақылауда және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасына сәйкес күшейтілетін болады.