31.03.2022 _ 19:12

ҚР ІІМ: Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті

Қазақстанның бірқатар қаласында түрлі объектілерінде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ішкі істер министрлігі салынған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.