04.04.2022 _ 17:14

ҚР МСМ: Әділет Базарбаев Испанияда күміс жүлде иеленді

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев халықаралық Spanish Open G2 турнирінде күміс жүлдегер атанды.
ҚР МСМ: Әділет Базарбаев Испанияда күміс жүлде иеленді

 

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингілік турнир мәресіне жетті. 

Аталған аламанда 63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Әділет Базарбаев күміс медальге қол жеткізді. 

Алматылық таеквондошы алғашқы кездесуінде Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері таиландтық Тавин Ханпрабтан басым түссе, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы түркиялық Хакан Рекберді ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға еліміздің атынан Ә.Базарбаевтан бөлек тағы бес спортшы қатысты.