09.04.2022 _ 17:15

ҚР ҚМ: Әскери теңізшілер «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы барысында Каспий теңізінде тапсырмаларды орындауда

Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтіп жатқан маневрлерге Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері тартылды.
ҚР ҚМ: Әскери теңізшілер «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы барысында Каспий теңізінде тапсырмаларды орындауда

Осыған байланысты әскери теңізшілер теңіздегі экономикалық қызмет объектілерін күзетуді және қорғауды жүзеге асырады.   

Аталған іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою туралы тапсырмаларын іске асыру барысында «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізіледі.