18.04.2022 _ 11:51

ҚР МСМ: Алматыда XX халықаралық джаз фестивалі өтеді

21-24 сәуірде Алматы қаласында «Алматыдағы джаз мерекесі» атты XX мерейтойлық, жылсайынғы халықаралық джаз фестивалі өтеді.
ҚР МСМ: Алматыда XX халықаралық джаз фестивалі өтеді

Фестиваль ұйымдастырушылары: Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Тагир Зарипов джаз мектебі.

Фестивальге Израиль, Франция, Венгрия және Қазақстан музыканттары қатысады.  

Алматылықтар мен қала қонақтарын әсерлі джаз концерттері күтуде:

21 сәуір ИЗРАИЛЬ: «Guy Mintus trio» - басталуы 19.30;          
22 сәуір ФРАНЦИЯ: «Jeremie Ternoy trio» - басталуы 19.30;                                
23 сәуір ВЕНГРИЯ: «Питер Шариктің триосы». Екатерина Хоменкова - вокал - басталуы 17.00;            
24 сәуір ҚАЗАҚСТАН: Тагир Зариповтың басқаруындағы «АЛМАТЫ» Джаз-Бенд оркестрі. «СТЕПС» - Гаухар Сатарова. «Jazz House» Ирен Аравина -басталуы 17.00