19.04.2022 _ 10:17

ҚР АҚДМ: «Дінтану сараптамасын жүргізу» тақырыбында интернет-конференция өтеді

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Дінтану сараптамасын жүргізу» жұмыстарына қатысты интернет-конференция өткізеді.
ҚР АҚДМ: «Дінтану сараптамасын жүргізу» тақырыбында интернет-конференция өтеді

Интернет-конференция барысында дінтану сараптамасын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері жарияланып, сондай-ақ аталған мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Конференцияға ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Н.Б.Қабылов қатысады.

Шара бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жауапты орындаушы – Кабылов Нургали Бердикулович, тел.: 74-09-70; +7 771 888 57 08.

Аталмыш интернет-конференция https://dialog.egov.kz/conference/234  сілтемесі бойынша қолжетімді.