19.04.2022 _ 10:37

Тоғыз қарағандылық спортшы Сурдлимпиада ойындарына қатысады

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына Қарағанды облысынан тоғыз ерекше спортшы аттанады. Халықаралық біріншілік Бразилияда 1–15 мамыр аралығында өтеді.
Тоғыз қарағандылық спортшы Сурдлимпиада ойындарына қатысады

 

AMP

Бағдарламаның 21 түрінде 205 марапат жиынтығы ойнатылады. Оған 100-ден астам елден 3 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Қазақстан құрамасы сапында Аян Әбдіраш, Валентина Антоненко, Айжомол Әбдиакатова, Нұрдәулет Жақып, Виктор Фрундин, Айда Мақатова – таэквондо, Елена Салмина – каратэ, Алена Бирюкова және Диас Кенжебек – жүзу бойынша өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Аян Әбдіраш Түркияда өткен Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанды. Қарағандылық спортшы ел құрамасының қоржынына жалғыз алтын медаль салды. Есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған Дүниежүзілік ойындардың екі қола жүлдесін каратеде Елена Салмина және таэквондода Валентина Антоненко жеңіп алды.

AMP

Халықаралық тыныш ойындар деп аталатын алғашқы Сурдлимпиадалық ойындар 1924 жылдың жазында Парижде өтті. Кейінірек олар төрт жылда бір рет екінші дүниежүзілік соғыс кезінде үзіліспен өткізілді. Қысқы Сурдлимпиада ойындары алғаш рет 1949 жылы Австрияда ұйымдастырылды.