21.04.2022 _ 08:13

ҚР ҚМ: Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстанда аккредиттелген Үндістанның әскери атташесі Дирадж Раманандпен кездесті.
ҚР ҚМ: Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды

Тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын, сондай-ақ оның даму көкжиегін талқылады. Екі елдің әскери өзара іс-қимылы бітімгершілік қызмет пен әскери қызметшілердің тілдік даярлығын қамтиды.