22.04.2022 _ 14:03

Қазақстан мен Ресей шекараға жақын аумақтарда шегірткеге қарсы күреске дайындық мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өсімдіктерді қорғау қызметі мамандарының қатысуымен екі жақты келісімі шеңберінде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын өткізу мәселелері жөніндегі халықаралық кеңесі өтті.
Қазақстан мен Ресей шекараға жақын аумақтарда шегірткеге қарсы күреске дайындық мәселесін талқылады

Іс-шара барысында мемлекеттер аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ олардың шектес аумақтарға көшуіне жол бермеу мақсатында өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша 2022 жылға Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары мақұлданды.

Сондай-ақ, тараптар екі мемлекеттің шекара маңы аумақтарына шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарын анықтау және олардың көшуіне жол бермеу мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге келді.