27.04.2022 _ 10:58

Қазақстан мен Индонезия әскери ынтымақтастық саласында байланыс орнатуда

Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин Индонезияның Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі полковник Буди Сусиломен кездесті.

Индонезия Республикасының Әскери атташесі елімізде дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері алғаш рет тағайындалып отыр.

Кездесу барысында тараптар әскери салада екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет білдірді. БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына бірлесіп қатысу, тәжірибе алмасу, бітімгерлерді оқыту және даярлау, әскери білім беру және кадрлар даярлау төңірегіндегі басты бағыттар сөз болды.