30.04.2022 _ 13:10

Қазақстан мен Украинаның СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.