19.05.2022 _ 08:35

Қазақстан мен Ресей Үкіметтерінің басшылары ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Сәрсенбі күні, 18 мамырда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Үкімет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны және өңірлік өзара іс-қимылды арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустин өзара қызығушылық тудыратын негізгі экономикалық салалар бойынша стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.