27.07.2022 _ 11:09

Айтылды-Орындалды: Президенттің ірі кәсіпорындарға колледждерге қамқорлық жасау туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы

Президент қасым-жомарт тоқаевтың отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде берген тапсырмасы.

❗ АЙТЫЛДЫ:

«Ірі кәсіпорындарға колледждерге қамқорлық жасап, олардың қамқоршылық кеңестеріне кіруге, жастарды практикаға алуға, зертханалар мен шеберханаларды жабдықтауға қатысуын қамтамасыз ету керек».

 

✅  ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 Оқу-ағарту министрлігі жүргізген жұмыстың нәтижесінде 498 кәсіпорынмен 410 колледжге қамқоршылық жасау туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

🔺 Қамқорлық көрсетуші кәсіпорындар қамқоршылық кеңестер мен өндірістік кеңестерге мүше болып, кәсіпорын базасында педагог кадрлардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруға, колледждерді зертханалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге, студенттерді одан әрі жұмыспен қамту үшін кәсіптік-өндірістік практиканы ұйымдастыруға атсалысады.

🔺 Қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың базасында 300 мыңнан астам студент кәсіптік практикадан, 5 мыңнан астам педагог тағылымдамадан өтті.

🔺 Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты.