06.09.2022 _ 11:19

Шымкентте 1,1 млрд теңгеге 8 мың тонна мазутты заңсыз сату фактісі анықталды

1,1 млрд теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сату фактісін Шымкент қаласы бойынша АФМ департаментінің қызметкерлері анықтады.

Осылайша, екі кәсіпкер белгісіз адамдардан мазут сатып алып, кейіннен әртүрлі компанияларға мазутты олардың шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттарсыз заңсыз сатқан.

Сот үкімімен аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.