Вице-министр 2022 жылы Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстар 104 объектіде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
2020 жылдан бастап алтын, мыс, сирек және сирек жер металдары, оның ішінде сирек жер саласын дамытудың жол картасы шеңберінде 12 учаскіде іздеу жұмыстары жалғасуда.
Бұдан басқа, қала құраушы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Риддер, Хромтау, Жезқазған, Теміртау және Балқаш моноқалаларына жақын орналасқан 7 учаскіде іздеу жұмыстары жүргізілуде, олардың экономикасының негізі тау-кен металлургия кешені болып табылады.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап «Қатты пайдалы қазбалардың Атласы» жасалуда, онда қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау бойынша ұсыныстары бар елдің геологиялық құрылымы туралы кең ақпарат болады. Жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.
Үкіметтің тапсырмасына сәйкес резервтік кен орындарын контурлау жұмыстары аяқталды, соның нәтижесінде 661 мың шаршы км жер қойнауын пайдалануға қолжетімді аумақ ашылды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламаларына енгізілген объектілердің жалпы ауданы 1570 мың шаршы км құрайды.
Жер қойнауын пайдаланушылар жүргізген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде есепті кезеңде қорлардың өсімі: алтын - 45,7 т.; мыс – 25 мың т.; қорғасын – 51,2 мың т.; мырыш – 215,8 мың т.; мұнай - 14,9 млн.т., газ - 6,8 млрд. м3 құрады.
2022 жылы алғаш рет 7 кен орны мемлекеттік теңгерімге қойылды.
Ұлттық минералдық ресурстар деректер банкі Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын құру шеңберінде Экология министрлігі, Цифрландыру министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен бірлесіп «Kaznedra»-ның пилоттық жобасы іске асырылуда.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспардың 8-тармағы аясында «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС және «Қазгеология» ҰМК» АҚ ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында Ұлттық геологиялық қызметті құру бойынша жұмыс жалғасуда.
2022 жылғы 15 маусымда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ мемлекеттік тіркеуден өтті деп тәмамдады ЭГТРМ вице-министрі.