01.02.2023 _ 11:08

СҚОдағы әкімдік бизнес үшін жасанды әкімшілік кедергілер құрған

СҚО Қызылжар ауданында 2022 жылдың қараша айынан бастап жылыжайды электр қуатына қоспаған. Антикордың аумақтық бөлімшесі аудандық сәулет бөлімімен кездесу өткізді. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды. Қазіргі уақытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-арнасы.

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жергілікті атқарушы органның іс-әрекетіне кәсіпкер шағым түсірді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында ЖК басшысы коммерциялық объект үшін электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде әкімшілік кедергіге тап болғаны анықталды.

Антикордың аумақтық бөлімшесі аудандық сәулет бөлімімен кездесу өткізді. Желіге қосылудан бас тартуға заңды негіз жоқ екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта электр энергиясына қосылуға рұқсат берілген.