30.03.2023 _ 09:09

1 қыркүйектен бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің стипендиясы 50%-ға көтеріледі - Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жалпы 250 мың студенттің стипендиясы көтеріледі.
1 қыркүйектен бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің стипендиясы 50%-ға көтеріледі - Оқу-ағарту министрлігі

Орта буын мамандықтары үшін стипендия мөлшері 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге дейін, жұмысшы мамандықтары бойынша 21 787 теңгеден 32 681 теңгеге дейін артады.

2024 жылы стипендия 100%-ға өседі.

Колледж студенттерінің стипендия мөлшерін екі есеге ұлғайту туралы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында айтылған болатын.