14.05.2024 _ 17:43

Қостанай облысының Амангелді ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталды

Тұрғын үйлер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қайырымдылық көмегі есебінен салынуда. Амангелді, Амантоғай, Ағаштыкөл, Байғабыл, Есір және Қарасу ауылдарының халқы үшін тұрғын үйлердің құрылысымен Әулиекөл ауданы мен Рудный қаласының құрылысшылары айналысады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қостанай облысының әкімдігінің арасында жасалған меморандум аясында әр үйдің құрылысына қордан 29,5 млн теңге бөлінген. Құрылысты толық қамтамасыз ету үшін құрылысшылар мен техника, сондай-ақ жұмысшыларға қажетті құрал-жабдықтар Амангелді ауданына алдын ала жіберілді. Барлығы 27 жеке тұрғын үй салу жоспарлануда.

Амангелді және Жангелді аудандары ауылдарында типтік жоба бойынша 68 баспана салынады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтуде. Бір үйдің алдын ала құны облыстың шалғайлығы мен логистиканың күрделілігін ескере отырып, шамамен 29,5 млн теңгені құрайды. Қор бұл үйлердің құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін де төлейді.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында 473 тұрғын үй құрылыс пен сатып алу сатысында.