27.09.2024 _ 11:56

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қарқынды жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы оған Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғындары қосылды. Аталмыш іс-шара қыркүйектің соңғы жексенбісінде белгіленген Еңбек күніне орайластырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Акцияға жастар ұйымдары, азаматтық сектор өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер, «Жасыл Ел» жасағы және жергілікті коммуналдық қызметтер – барлығы 250 адам қатысты.

Барлығы жұмылып 16 м3 қоқыс жинап шығарды.

«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялап, қоршаған ортаға таза ұстауды насихаттау.

Жоба басталғалы Ақмола облысында 500-ден астам экологиялық іс-шара өтті, оған 600 мыңға жуық адам қатысты.