Ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшбасшылар қатарында: барлық 38 нысан салынған Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы – барлық 49 нысан тұрғызылды, Қостанай облысы, онда барлық 19 МСАК ғимараты салынды, Абай облысы – жоспарланған 65 нысанның 62-сі пайдалануға берілді, Жамбыл облысында барлығы 2 медициналық нысанды салуды аяқтау қалды.
Ұлттық жобаның шеңберінде ауылдық елді мекендерде барлығы 655 МСАК нысанын салу жоспарланған, оған 257 медициналық пункт, 238 ФАП, 160 дәрігерлік амбулатория салу кіреді.
Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру мақсатында 32 заманауи көпбейінді аудандық орталық аурухананы жаңғырту жоспарланған.
Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған жетіспейтін медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын салу ауылдағы медициналық қызметтердің, оның ішінде профилактикалық қарап-тексерулердің, скринингтердің, жүкті әйелдер мен балаларды патронаждаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, диспансерлік науқастарды байқауға, амбулаториялық оңалтуға және медициналық көмектің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.