Мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыру мұнай-газ саласының да, аралас салалардың да техникалық мамандықтары үшін шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ химиясына 6 ірі жобаға 21 мыңнан астам қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 18 мыңы уақытша және 3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс.
Электр энергетикасында 72 жобада, оның ішінде 32 жаңартылатын энергетика жобасында 41 мыңнан астам жұмыс орны, уақытша 35 мыңнан астам және тұрақты 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
«Атом электр стансасын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды», – деп толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.