17.03.2025 _ 09:12

Түп-тамырыңды білу: ұлттық дәстүрлерді үйрену неге маңызды

17 наурызда Наурызнама онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтіледі. Біз халқымыздың мәдени мұрасын зерттей отырып, шынайы құндылықтарды түсінеміз, туған-туыстарымызбен байланысымызды нығайтамыз.
Түп-тамырыңды білу: ұлттық дәстүрлерді үйрену неге маңызды

Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру, қонақжайлық ұлттық мәдениеттің негізгі көрінісі. Адам өмірінің әр кезеңіне арналған қазақ ғұрыптарының өзі бір төбе: отбасылық, тұрмыстық, спорттық, сондай-ақ отау құруға байланысты дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Мысалы, соңғы жылдары Наурызды он күн бойы тойлау – Наурызнама дәстүрі қайта жандануда. Сондай-ақ, құдалық, беташар, тұсаукесер, қонақасы сынды дәстүрлер кеңінен тараған.

Халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін зерттеу - өткенге құрметпен қарау әрі болашаққа жасалған маңызды қадам.