17.04.2025 _ 17:34

ШҚО-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай мен Қасым Қайсеновке арналған мурал пайда болады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлан ауданының орталығында №9 үйдің қасбетінде Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған мурал – арт-нысан (қабырғаға салынған батырдың суреті) орналастырылады. Бұл мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Мерейтой қарсаңында Батырлар аллеясы мен ескерткіш стелланы қайта жөндеу, тас төсеніштерді ауыстыру, гүлзарлар мен қоршаулар орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Украинка ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай ашу көзделуде.