22.04.2026 _ 09:20

«Кітап – достық амбассадоры»: Ұлттық кітап күніне арналған апталықтың соңғы күні

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығының соңғы күні «Кітап – достық амбассадоры» атауымен өтеді. Атаулы күн отандық әдебиетті шетел оқырманы арасында насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін республика бойынша кітапханаларда, мәдениет және білім беру ұйымдарында шығармалары шет тілдерге аударылған қазақстандық авторлардың, сондай-ақ кәсіби аудармашылар мен баспагерлердің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылады.

Бұл күн аясында өтетін іс-шаралар әдебиетті халықтар арасындағы мәдени әрі рухани байланысты нығайтатын маңызды құрал ретінде айшықтауға мүмкіндік береді.