24.07.2021 _ 20:10

Елдос Сметов: жеңістен кейін бірінші болып ата-анаммен сөйлестім. Мен олар үшін қашан да үздікпін

Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы қола медаль әкелген қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жеңістен кейінгі алғашқы әсерлерімен бөлісті.
фото с сайта euronews.ru

«Көптеген хабарламалар болды. Бірақ мен Жеңістен кейін бірінші болып ата-анаммен сөйлестім. Олар мені құттықтады», - деді Елдос Сметов.


 «Сіз олар үшін әлі де "керемет" болып табыласыз ба? Қола медель алғаныңыз үшін өкініш жоқ па деген сұрақ қойылды.


«Мен олар үшін әрқашан кереметпін», - деп жауап берді Елдос Сметов.