Бүгін алғашқы екі күн өте қиын болды. Апат болған орындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі кезде жағдай толығымен өзгерді. Жағдай тұрақты. Бүгін жұмыстың 99 пайызы бітеді. Бұл туралы Екібастұз қаласының жылу желілерінің ағымдағы жағдайы және температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі С.Жұманғарин хабарлады.
«Бүгін денсаулық сақтау нысандарын араладық. Адамдармен сөйлесіп, жағдайға деген көзқарастарым сұрап білдім. Екібастұз – жұмыскерлер қаласы. Олар бәрін түсінеді. Көбі тұрғын үйлерін жылытып, суларын шығарып жатыр. Босқа отырған жоқ», - деді вице-премьер.