20.01.2023 _ 11:30

АҚДМ: Заң мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді

Қазіргі уақытта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заңды іске асыру мақсатында заңға тәуелді актілер әзірлеуде. Сондай-ақ Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров хабарлады.

Оның айтуынша, жастармен атаулы жұмыс істейтін жастар ресурстық орталықтардың қызметкерлерінің мәртебесін ұлғайту мүмкіндігі пайда болады. Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу көзделген. 

«Сонымен қатар жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірленуде. Жастардың даму индексі мемлекеттік саясатты дамыту мен іске асыруды жалпы бағалаумен қатар, мемлекеттік органдардың жастар мен жастар саясатын дамытудағы ұстанымын көрсететін болады. Жоғарыда аталған бұйрықтарды бекіту ақпан айына жоспарланған. Заң мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», -деді спикер.