09.02.2024 _ 14:00

«Astana Hub» экожүйесінде 261 стартапты әйелдер басқарады - Д. Ахметова

Қазақстанды Орталық Азияның жетекші цифрлық орталығы ретінде бекіту мақсатында Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай экспорт көлемін 1 млрд долларға дейін ұлғайту, сондай-ақ 100 мың білікті IT маман даярлау, ел өңірлерінде «Astana Hub» тәжірибесін кеңейту міндетін алға қойды. 2023 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ІТ қызметтерінің экспорты өткен жылмен салыстырғанда 84%-ға артып, 85 елді қамтыды. Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Astana Hub» басқарушы директоры Дания Ахметова айтты.

Ол отандық IT-әзірлеушілердің жетістіктерінен жарқын мысалдар келтірді. Мәселен, Citix стартапы америкалық ірі венчурлық инвестор, компанияның СЕО Ян Шойбековты қызықтырды. 

Айта кетерлігі, «Astana Hub» халықаралық технопаркінде 1,4 мыңнан астам компания тіркелген, оның 261-ін әйелдер басқарады. Әйелдер басшылық ететін экожүйедегі стартаптардың басым бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.

Мысалы, мобильді қосымша, YouTube арнасы, әлеуметтік желілер арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға білім беру-ақпараттық қолдау көрсететін Әсем Тәжиеваның платформасы бар. Халықаралық емтихандар мен ұсынымдар жүйесіне дайындық бойынша кейстер, фольклорды жаңғыртуға және қазақ тілін дамытуға арналған мобильді қосымшалар да әзірленді.