27.03.2024 _ 15:00

АШМ «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Қазір жауапты ведомство өкілдері ауыл тұрғындары арасында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Оған барлық ауылдық округ әкімдері жұмылдырылды. Бұл жайында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шағын несиелеу шарттары бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланды. Ауыл тұрғындарының табысты тәжірибесі туралы бейнероликтер жарияланды.

«Кейбір табысты бизнес-жобалардың мысалдарын қысқаша атап өткім келеді. Мысалы, Түркістан облысында Балтакөл ауылындағы Біржан Жүнісов наубайханасының жобасы жүзеге асырылуда, онда күн сайын 300-ден астам нан сатылады. Жобаны жүзеге асырғанға дейін кәсіпкер жұмыссыз болған. Ауыл тұрғыны 8 млн теңге несие алды. Жоба сәтті жүзеге асырылуда және кәсіпкер несиені мерзімінен бұрын өтеуді және бизнесті кеңейтуге 29 млн теңгеге дейін қайта алуды жоспарлап отыр, оған бағдарламаның шарттарына мүмкіндік береді»,-деп хабарлады вице-министр.


Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін Сараптамалық топ құрылды. Ол нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты, оның ішінде Министрлік қолдаған ұсыныстар дайындаумен айналысады. 


Бұдан бөлек, облыс әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісім бойынша бағдарламаның негізгі көрсеткіштерін бекітті.