Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 555 адам, 3 559 техника, 750 су тарту құралы, 214 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
«Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы және 962 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді», – деді спикер.
ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады.