Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап төмендеу үрдісі байқалады. Былтыр 2,7 млн га өңделді (бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 13%-ға төмен), ал бүгінгі таңда 2,2 млн га өңдеу болжануда (бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 31,5%-ға төмен).
«Өңдеуге жататын алаңдардың айтарлықтай төмендеуі Қостанай облысында 452 мың гектарға (2025 жылмен салыстырғанда 62%-ға), Ақмола облысында 153 мың гектарға (2025 жылмен салыстырғанда 78%-ға) және Ақтөбе облысында 89 мың гектарға (2025 жылмен салыстырғанда 17%-ға) болжануда. Жалпы, 2024 жылмен салыстырғанда өңдеу көлемі 900 мың гектарға, ал былтырмен салыстырғанда 500 мың гектарға төмендеді», – деді спикер.
Сонымен қатар 532 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылды. Зерттеп-қарау жұмыстарына шамамен 3 400 адам, сондай-ақ 57 зерттеп-қарау дрондары тартылды.
Айта кетерлігі, өңдеу көлемдерінің төмендеуіне өсімдіктерді қорғау жүйесін кешенді жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын жаңғырту аясында техникалық жарақтандыру күшейтіліп, мониторинг пен нүктелік өңдеу жүргізуге арналған 103 дрон сатып алынды.
Сондай-ақ химиялық өңдеу қызметтеріне бірыңғай сатып алу жүйесі енгізілді. Бұл – процестерді орталықтандыруға және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормалары қайта қаралды. Көрсеткіш 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді, бұл өңдеу жұмыстарының өнімділігін арттырып, мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді.
ТМД елдерінің шегірткеге қарсы күрес жөніндегі келісімі іске асырылуда, бұл іс-қимылдарды үйлестіруге және зиянкестердің трансшекаралық көшуінің алдын алуға мүмкіндік береді.