30.05.2023 _ 14:30

Азаматтық авиация академиясы еуропалық стандарттарға сәйкес келтіріледі

Азаматтық авиацияны дамыту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев саладағы елімізде білікті ұшқыш мамандарды дайындау мәселесі қалай шешілметіні туралы айтып берді.
Азаматтық авиация академиясы еуропалық стандарттарға сәйкес келтіріледі

Комитет төрағасы бүгінгі таңда Қазақстанда ұшқыштарды тек бір ғана оқу орны –  Алматыдағы Азаматтық авиация академиясы дайындайтынын айтты.

«Академияның деңгейін көтеріп, еуропалық стандарттарға сәйкес келтіруді жоспарлап отырмыз. Сол арқылы тек Қазақстанға емес, бүкіл Орталық Азияға авиация саласына білікті, білімді мамандарды дайындау үшін сондай өзгерістер қарастырылуда», – деді комитет төрағасы.

Қытаймен визасыз режимнің енгізілуіне орай туристердің ағымының артуына байланысты ұшу рейстерінің саны артады.

«Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим жуырда күшіне кіреді. «Астана-Сиань» деген бағыт ашылды. Бұрыннан келе жатқан Пекин, Үрімші бағыттары бар», – деп нақтылады ол.