18.09.2023 _ 14:40

Сөз киіктердің популяциясын ақылға қонымды пайдалану туралы болып отыр – ҚР ЭТРМ

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алдында киіктердің төл басын сақтау міндеті тұрды. Бұл мақсатқа қол жеткізілді. Бұл туралы ОКҚ-дағы сараптамалық алаңда ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким мәлімдеді.

Кеңес заманында киіктердің саны 1 миллион 200 мың дараққа жетті. Осы жылы көктемгі қайта есептеудің қорытындысы бойынша 1 млн 915 мың киік басы есепке алынды, жыл соңына қарай олар 2,6 млн дарақ болады деп болжануда, деді спикер.


Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарының егістері мен жайылымдарын киіктердің таптауынан сақтау туралы мәселе өткір тұр. Фермерлер биылғы жылы киіктердің таптауынан келтірілген залалды 12 млрд теңге көлемінде бағалап отыр. 


«Популяцияның тығыздығы өте жоғары. Киік басын тұрақты пайдалану туралы айтатын болсақ, біз оны жоюды емес, табиғатқа да, ауыл шаруашылығына да зиян келтірмейтіндей, ақылға қонымды реттеуді айтамыз», - деді комитет төрағасының орынбасары.