17.10.2023 _ 14:10

Сарапшы: темекінің де, кальянның да түтіні бәрібір у болып қала береді

Темекі шегумен күрес жөніндегі ерікті шаралар тиімсіз, сол себепті тиісті заңнамалық немесе әкімшілік шаралар қабылдау қажет. Темекі шегуге жартылай салынған тыйым темекі тартпайтын адамдарды зиянды түтіннен қорғай алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сыла осындай пікірде. ОКҚ алаңындағы сараптамалық дөңгелек үстел отырысында сөз сөйлеген ол австралиялық зерттеушілердің қорытындыларын мысалға келтірді. Соңғылары жаза неғұрлым қатаң болса, заңды ұстану көрсеткіші де соғұрлым жоғары екенін дәлелдеген.

«Темекіге жаппай тыйым салу туралы заң өткір коронарлы синдромдар мен темекі тартумен байланысты басқа аурулармен ауруханаға түсу көрсеткішін төмендететіні туралы дәлелдер бар. 2022 жылы ДДСҰ-ның Еуропалық аймағында 18 мемлекет Жалпыны қамтитын темекі шегуге тыйым салу заңын енгізді, ол барлық қоғамдық және жұмыс орындарын қамтыды. Темекі шегуге тыйым салудың кешенді саясаты барлық қоғамдық және жұмыс орындарын, басқа да ашық немесе квазиашық қоғамдық орындарды темекі түтінінен ада етуге мүмкіндік береді. Темекі бұйымдарының барлығына, соның ішінде, никотин өнімдерге де реттеу шараларын қосу қажет», – деп атап көрсетті Скендер Сыла. 

Ол адамдар темекі шегіп, өз денсаулықтарына зиян тигізетін бөлек бөлмелер немесе орындар болауға тиіс деген сенімде. 

«Өкінішке орай, бүкіл әлем бойынша кальян тұтыну артып барады. Кальян қоғамдық орындарда, қоғамдық орындарда, бөлмелерде өте жиі пайдаланылады, бұл темекі шегудің пассивті түрін арттырады. Зерттеулер көрсеткендей, кальян тартылған бөлмедегі ауа темекі шегілген бөлмедегі ауаның сапасымен бірдей нашар. Ол бәрібір улы болады. Біз қазіргі және болашақ ұрпақты өмірге қауіпті осындай өнімдердің зиянды әсерінен қорғауымыз қажет», – деп мәлім етті сарапшы.