«Біз жүкті әйелдер арасында аурудың өсуі, жүкті әйелдердің 40 жастан асқанын көріп отырмыз. Осы жасқа қарай әйелдерде болашақта баланың денсаулығына әсер етуі мүмкін бірқатар патологиялық жағдай байқалады. Сондықтан денсаулықты нығайту, ерлі-зайыптыларды даярлау, дені сау бала туу үшін жүктілікті жоспарлау міндетін қойып отырмыз», – деп атап өтті ведомство өкілі.
2008 жылы қабылданған тірі туу және өлі туу критерийлері неонаталды көмекті дамытуға серпін берді. Нәресте өлімі шамамен 4 есе төмендеді.
«Соңғы 10 жылда елімізде балалар өлімі 40%-ға, нәресте өлімі - 65%-ға, неонаталдық өлімнің – 50%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Бұл көрсеткіштерді Қазақстанның орнықты дамудың үшінші мақсатының халықаралық индикаторларына мерзімінен бұрын қол жеткізгенін мойындаған БҰҰ қорлары бағалады. Менің ойымша, бұл біздің елдің үлкен жетістігі. Денсаулық сақтау министрлігі балаларымызға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі жақсартуға ниетті», – деді спикер.
Скринингті жақсарту бойынша бірқатар іс-шара жүзеге асырылуда, материалдық-техникалық базаны жақсартуға ресурстар бөлініп жатыр.
Негізгі проблемалардың бірі – даму ақаулары мен тұқым қуалайтын ауруларға байланысты балалар арасындағы мүгедектіктің өсуі. Оларды анықтау үшін түрлі зерттеу жүргізіледі, бұл балаларға қажетті емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Хирургияның дамуы және жоғары технологиялардың енгізілуіне байланысты туғаннан бастап күрделі операцияларды, соның ішінде жүрекке хирургиялық процедура жүргізуге мүмкіндік туды.
Түрлі аймақта 68 оңалту орталығы бар. 0 жастан 3 жасқа дейінгі балалар оңалту көмегі мен қолдау алуға құқылы.