03.10.2025 _ 15:10

Алматыда мектептерде тамақтануды ұйымдастыру деңгейі айтарлықтай өсті

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Бақжанар Мұхамедиева мектептегі тамақтанудың жаңа стандартын енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Мәселен, мәзірді бекітпес бұрын жұмыс тобы барлық тағамның дәмін көреді. Бұл эксперимент балалардың пікірі мен мәзірді түпкілікті әзірлеу кезінде олардың реакциясын ескеруге мүмкіндік берді. Бұл туралы спикер ОКҚ алаңындағы дөңгелек үстел барысында айтты.

Бұдан бөлек, басқарма тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобымен бірлесіп, мектеп асханаларына барып, мерзімді мониторинг жүргізеді. Күн сайын жергілікті орындарда бақылауды жүзеге асыратын мектеп әкімшілігінің, ата-аналар жұртшылығының және бракераждық комиссиялардың өзара іс-қимылына ерекше назар аударылады. 

«Жүргізілген мониторинг барысында буфеттер ассортиментінен пайдасыз өнімдер алынып тасталды: құрамында қант, тұз, шұжық өнімдері және балалардың денсаулығына зиян келтіретін барлық зат. Мәзірді әзірлеудің жаңа тәсілдері мектеп рационына біртіндеп енгізіліп, тамақтануды теңдестірілген және пайдалы етеді», – деді спикер.

Сондай-ақ ол соңғы екі жылда Алматыда тамақтануды ұйымдастыру деңгейі артқанын атап өтті. Мысалы, мектеп асханаларының инфрақұрылымы жақсартылды, жабдықтар жаңартылды, аспаздар мен бракераждық комиссиялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағдай жасалды. Спикер оқу жылының басынан бері қала бойынша тамақтануды ұйымдастыруға қатысты теріс өтініштер түспегенін айтты.