«Профилактикалық шаралар арасында 95 ЖОО-дан 59 мың студенттің оқу процесінде «Coursera» платформасында наркоманияға қарсы курстар қарастырылған. Оның ішінде наркоманияға қарсы саясат, наркоманиядағы тәуелділіктерді емдеу бағыттарында арнайы курстар өткізілуде. Бұл жерде теориядан гөрі, практиканың берері зор. Себебі, ЖОО-да білім алып жатқан жастар кәмелетке толған азаматтар болғандықтан құқық қорғау органдарымен жұмысты тікелей жүргіземіз. Соңғы 2 жылда ЖОО-да 800-ден астам іс-шара тікелей құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізілді», – деді спикер.
Сондай-ақ, студенттердің сотталған адамдармен кездесулері ұйымдастырылады.
Ведомство халықаралық тәжірибе алмасу тетіктерін де қолға алып отыр. Еуропа одағының CADAP арнайы жобасы шеңберінде ЖОО-ның психолог мамандары да нашақорлыққа қарсы бағдарламаға қатысты. Бүгінде 9 психолог тиісті сертификат алды. Қазір бұл жобаны барлық ЖОО-на имплементация жасау жұмыстары жалғасып жатыр.