15.03.2026 _ 08:35

Бүгін елордада «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді

Отандық телеарналар, басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін шара 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.

Эфир барысында референдум күнінің негізгі сәттерін, қоғам пікірі мен сарапшылар көзқарасын көрерменге жедел әрі заманауи форматта ұсынады.

Марафон аясында бес алаң жұмыс істейді. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, өнертапқыштар, сарапшылар, сондай-ақ қайырымды ісімен танылған азаматтар қатысады.