12.11.2018 _ 09:36

Атырау облысында 260 шақырымдық жолдың құрылысы жүріп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Атырау облысында 260 шақырымдық жолдың құрылысы жүріп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

«Өңірлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атырау облысында 260 км автокөлік жолының құрылысы жүріп жатыр, ол 317 көшені қамтиды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автокөлік жолдарын дамыту 432 км автожол құрылысын қамтиды. Жұмыс екі бағытта жүзеге асады: Атырау-Ақтөбе автокөлік жолы (155 км), Атырау-Астрахань жолы (277 км)», - деді Н.Ноғаев.