17.03.2021 _ 13:10

Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде сот және құқық қорғау жүйелерін трансформациялау жоспарлануда

Мемлекеттік басқарудың жаңа «адамға бағдарланған» моделінде елдегі құқық үстемдігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған сот және құқық қорғау жүйелеріне ерекше назар аударылатын болады. Қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағдарланған сот әкімшілігін жүргізудің қағидатты жаңа тәсілдері қалыптастырылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
фото с сайта kt.kz


Толыққанды тәуелсіз сот билігі адам мен қоғам тарапынан құқықтар мен мүдделерді іске асыруды сапалы қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі атқарушы биліктің тәртібі мен қызметінің моделін қайта құруға әкеледі. Инвесторлар тарапынан мемлекетке сенімді арттыру және олардың инвесторларды қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары жалғасады. Осы тұрғыда АХҚО сотының коммерциялық келісімшарттар бойынша шарттық талаптарды қараудағы әлеуеті іске қосылады.


Айта кетейік, Қазақстанның сот корпусы биліктің басқа тармақтарына қарамастан және олардың қатысуынсыз жаңартылып, құрылады. Судьяларды іріктеу туралы БАҚ-та жарияланады.


Құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту үшін қызметке кіру және қызмет бабында ілгерілету кезінде меритократия қағидатын қамтамасыз ете отырып, кадрларды іріктеу сапасы арттырылады.