17.03.2021 _ 15:45

Коронавирустық инфекцияның шетелден әкеліну қаупі әлі де сақталуда

Мемлекеттік шекарада 14 елмен әуе қатынасы жаңартылды, рейстер саны аптасына 95-ке дейін ұлғайды, келетін жолаушылардың ең көп саны Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тіркеледі. Бірақ бас санитарлық дәрігердің айтуынша, коронавирустық инфекцияның шетелден әкеліну қаупі әлі де сақталуда.
фото с сайта liter.kz



Ерлан Қиясов ОКҚ өткен брифингте 2020 жылғы 6 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерімен 322 600-ден астам жолаушы келгенін, оның ішінде 44 805-і немесе 14% - ы тестілеуден өткенін, оң нәтижемен 239 адам анықталғанын жеткізді.


«Автомобиль өткізу пункттері арқылы 835 мыңнан астам адам мемлекеттік шекараны кесіп өтті, олардың 20% тестілеуден өтті, 809 адамның оң нәтижесі анықталды. Қазақстан Республикасында коронавирус айналымы бойынша эпидемиологиялық мониторинг жүргізілуде. Қыркүйек пен қаңтар аралығында жүргізілген геномдық зерттеулердің нәтижелері бойынша елде коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ, бұл «Британиялық», «Оңтүстікафрикалық», «Бразилиялық» штаммдарға қатысты. Наурыз айының соңында жаңа геномдық зерттеулердің нәтижелері белгілі болады», - деді Ерлан Қиясов.