17.03.2021 _ 15:50

Оқушылар арасында КВИ жұқтыру жағдайлары тіркелуде

Бір аптадан астам уақыт бойы қазақстандық оқушылар оффлайн режимде оқып жүр. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары оқушылардың сырқаттанушылығына күнделікті мониторинг жүргізуде. Өкінішке орай, індетті жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталуда. 1 қыркүйектен бастап 10 400-ден астам оқушы ауырған, олардың 3 324-і офлайн режимде оқитын балалар.



«Қазіргі уақытта карантиндік шаралар өңірлерде және жеке мектепте сырқаттанушылықты ескере отырып сараланған түрде қолданылады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасында ауырғандардың жалпы саны 0,2% аспайды», - деді бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде.


Анықтама үшін, үшінші тоқсанның басында оқытудың аралас жүйесі енгізілді, індет жұқтырған оқушылар саны 6 446 құрады, оның ішінде күндізгі бөлімде оқитындар – 2 277.
Облыстар бөлінісінде ауырғандардың басым бөлігі Қарағанды (347), Ақмола (276), Солтүстік Қазақстан (222), Батыс Қазақстан (199) және Павлодар (182) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (273) тіркелген.