17.03.2021 _ 16:00

Наурыз мейрамы қарсаңында бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарға үндеу жолдады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарды көктемнің шуақты мерекесі - Наурыз мейрамымен құттықтады. Сондай-ақ пандемияның «алтын ережелерін» тағы бір еске салып өтті: әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска тағу. Алайда, тұрғындардың көбі бұған немқұрайлы қарайды.
фото с сайта caravan.kz



Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мұндай ескертулер жасауына бірнеше себеп бар, ең бастысы – мониторингтік топтардың тексеру нәтижелері. Сары және жасыл аймақтардағы өңірлерде карантин режимі барынша жеңілдетілді. Оның салдары бар. 


«Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда рейдтер саны 1,3 есеге артты, бұл ретте шектеу шараларының анықталған бұзушылықтарының үлес салмағы 3,6%-ды құрады. Келушілер санының көптігіне (түнгі клубтар, мейрамханалар мен компьютерлік залдар) байланысты объектілердің заңсыз жұмыс істеуі әлі де жалғасуда. Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық және шектеу шараларының талаптарын бұзғаны үшін 2021 жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға қатысты әкімшілік істердің саны 1,7 есе артқаны байқалады», - деді Қиясов қазақстандықтардың немқұрайдылығына мысалдар келтіре отырып.