17.03.2021 _ 16:05

Сәуірде КВИ қарсы иммундауға жататын контингентті кеңейту жоспарланған

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді. Оның айтуынша, наурыз айының соңына дейін «Спутник V» вакцинасының 150 000 дозасы алынады деп күтілуде. Олар 1 сәуірге дейін өңірлерге үлестіріледі. ОСы кезде контингентті де кеңейту жоспарланған.

 


Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 83 839 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 19 312 адам егілді. Екпеден кейінгі қолайсыз белгілер тіркелген жоқ.


Вакцинация барлық өңірлерде жүргізілуде. 628 егу пункті жасақталды, оның ішінде қазіргі уақытта 451-і жұмыс істеп тұр. Нысандардың барлығы салқындату тізбегін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.