17.03.2021 _ 16:06

Вакцинация бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр – Е.Байтанаев

Вакцинациялау, оның пайдасы мен егу пункттерінің мекен жайлары туралы ақпарат ұсыну. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бұл мәселелер қарастырылды. Тиісті ақпарат егу науқаны басталғанға дейін бір ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында және ведомствоға қарасты комитеттердің сайттарында орналастырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Сонымен қатар, вакцинация туралы ақпараттарды әлеуметтік желілер мен Телеграм-арналарда да ұсынылған.
фото с сайта freepik.com

«Вакцинациялау бойынша, қанша емханада вакцинация жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттар берілуде. Бүгінде министрлік тарапынан өңір әкімдіктерінің сайттарына арналған ақпараттар жолданды. Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беріледі. Вакцинация туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Е.Байтанаев. 


Жалпы, ДСМ осы күнге дейін вакцинация бойынша 600-ден астам ақпарат жариялаған.