18.03.2021 _ 15:40

«Мемлекеттік қызметшіні «360 градус» бағалау - мемлекеттік қызметшінің біліктілігін де, басқа адамдармен, азаматтармен қарым-қатынаста оның этикалық жағын да бағалау - ҚР МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев

Мемлекет басшысы бекіткен мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын жетілдірмей халық сеніміне ие болу мүмкін еместігі ерекше атап өтіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев мәлімдеді. Осы орайда қызметшіні «360 градус» бағалау кезінде оның әдеп деңгейі, айналасындағы адамдардың, атап айтқанда, басшысы мен бағынышты қызметкерінің, әріптестерінің анонимді бағалауы аса маңызды болады.
«Мемлекеттік қызметшіні «360 градус» бағалау - мемлекеттік қызметшінің біліктілігін де, басқа адамдармен, азаматтармен қарым-қатынаста оның этикалық жағын да бағалау - ҚР МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев



«Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен қатар, оның өзге адамдармен, азаматтармен байланыстағы әдептілік жағы да бағаланады деген сөз. Бұл мемлекеттік органдардағы әдептілікті көтеру жөніндегі жұмысты жетілдіруге аса мән беруді қажет етеді. Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкілдер институтын жандандыра отырып, алдағы уақытта Әдеп кодексін де жетілдіру мәселесіне қатысты жұмыстар атқарылады. Бұдан басқа, корпоративтік сектордың оң тәжірибесін табысты енгізу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің квазимемлекеттік, жеке және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуі жоспарлануда», - деді агенттік төрағасының орынбасары.


Оның сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын үздіксіз арттыру қамтамасыз етіледі. Бастамалар мен рационализаторлық ұсыныстарды көтермелеу тетіктері енгізіледі. Бұл мемлекеттік қызметте корпоративтік мәдениетті жақсартуға мүмкіндік береді.